15 мам, 2022 сағат 19:11

Әскери қызметшілердің жағдайы жақсарады – Бауыржан Зекенов


Өткен айда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Әскери қызметшілерді осы мәселе төңірегінде алда қандай оң өзгерістер күтіп тұрғаны жөнінде толығырақ Қорғаныс министрлігі Қарулы күштері әскери инфрақұрылым бас басқармасы тұрғын үй басқармасының бастығы подполковник Бауыржан Зекенов айтып берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Оның айтуынша, қазір заң жобасы аясында үш заңға өзгеріс енгізілген. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы, арнаулы мемлекеттік органдар туралы және әскери қызмет пен әскери қызметшілер мәртебесі туралы заңдарға өзгерістер енгізілді.

«Енді оған толығырақ тоқталайық. Тұрғын үй қатынастары туралы заңына келетін болсақ, онда мобильдік тұрғын үй ұғымы енгізілді. Сонымен қатар, жекешелендіру құқығы және әскери қызметтен босатылған сәтте тұрғын үй төлемдерін алу сұрақтары реттелді. Мобильдік тұрғын үй ұғымына қатысты, бұл - жабық оқшауланған әскери қалашықтарда, сонымен қатар шекара бөлімшелерінде, өзге де жабық объектілерде орналасқан әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына тұруға арналған объект болып табылады. Мұндай шешім қабылдау себебі, енді әр кезде әртүрлі жағдай болады. Өйткені, мекен жайдан алыс орналасқан, оқшауланған жеке роталар бар, ол жерлерде күрделі құрылыс салу мақсатқа сай емес. Сол себепті, ол жерлерде мобильдік үйді жинақтау тиімді деп санаймыз», –  дейді подполковник Бауыржан Зекенов.

Қорғаныс министрлігі Қарулы күштері әскери инфрақұрылым бас басқармасы тұрғын үй басқармасының бастығының айтуынша, қабылданған өзгерістер мен толықтырулардан кейін әскери қызметшілердің жағдайы жақсара түспек.

«Айтып өтуге болатын тың өзгерістерді қысқаша айтатын болсақ, онда біраз жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы әскери қызметі әскери қызметтен босатылу кезінде бір жылға тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар. Осы уақытқа жейін олар өздерін тұрғын үйге мұқтажбыз деген баянатын әкелу талап қойылатын. Сондықтан қазіргі уақытта ондай талап алынып тасталды. Сонымен қатар, қазіргі кезде олар тек қызметтік үй мен жауапкершілігі бар жауапты әскери бөлімнен  анықтама әкелсе, сол жеткілікті болады. Әскери қызметтік үймен қамтамасыз етіледі деген. Сонымен қатар, тағы да өзгерістер бар. Мысалы,  1 қаңтар 2013 жылға дейінгі әскери қызметте күнтізбелік есеп бойынша он жылдан аз әскери қызметшілерге жекешелендіру құқығы заң бойынша қарастырылмаған. Ол мәселе де қарастырылып, қазір ол заңнан алынып тасталды. Сонымен қатар, қазір 1 қаңтар 2013 жылға дейінгі әскери қызметте күнтізбелік есеп бойынша он жылдан аз әскери қызметшілерге жекешелендіру құқығы толығымен беріліп отыр. Он жылдан астам алады, одан әрі жиырма жылдан астам істесе, өтеусіз жекешелендіру құқығына ие болады. Сонымен қатар, тағы да өзгерістер бар. Мысалы, бізде заңда қазіргі кезде егер әскери қызметші мүгедек баласы болса отбасында, оған жекешелендіру құқығы өтеусіз беріледі. Бір талабы ол әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он жылдан астам қызмет істеу керек. Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы заңына байланысты, онда медицина қызметінің офицерлеріне әскери қызметке шақыру жасы ұлғайтылған. Ол 29-дан 32 жасқа дейін көтерілді, –  дейді Қорғаныс министрлігі Қарулы күштері әскери инфрақұрылым бас басқармасы тұрғын үй басқармасының бастығы, подполковник Бауыржан Зекенов.

Сонымен, мемлекеттік орган бірінші басшысының шешімімен, кәсіби даярлығы мол әскери қызметшілердің шекті жасын бес жылға дейін ұзарту қарастырылған. Тағы да айта кететін мәселе, әскери қызметке бірінші кіруге келген азаматтарға 30-дан 32 жасқа дейін мерзімі ұзартылды. Сонымен қатар, негізгі бағыт біздің әскери қызметте тәжірибелі, сапалы мамандарды сақтап қалу болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді. Әскери қызметшілерді осы мәселе төңірегінде алда қандай оң өзгерістер күтіп тұрғаны жөнінде толығырақ Қорғаныс министрлігі Қарулы күштері әскери инфрақұрылым бас басқармасы тұрғын үй басқармасының бастығы подполковник Бауыржан Зекенов айтып берді.

Оның айтуынша, қазір заң жобасы аясында үш заңға өзгеріс енгізілген. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы, арнаулы мемлекеттік органдар туралы және әскери қызмет пен әскери қызметшілер мәртебесі туралы заңдарға өзгерістер енгізілді.