04 шіл, 2022 сағат 16:26

Әскери гарнизондарда 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған


Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн. теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады" - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.