26 қыр, 2019 сағат 19:02

Әскери дипломаттар Қазақстанның әскери-ұшу иститутында болды

Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпустың делегациясы, Ақтөбе қаласындағы Әскери әуе күштері Әскери институтына респи сапармен барды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әзербайжан, Армения, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Түрікменстан, Түркия, Украина, Франция және Жапония елдерінің әскери атташелері авиациялық қару-жарақтардың техникалық эксплутациясы, әуе кемелері мен авиациялық қозғалтқыштардың құрылымдары кафедраларында, сондай-ақ оқу зертханаларында болды.

Әскери дипломаттар оқу-материалдық базаның жақсы қырларын, сондай-ақ жоғары санаттағы ұшу және инженерлік кафедралардың дайындығына әсер ететін әскери институттың оқытушы құрамының кәсіпқойлылығын атап өтті.