Тау-кен секторы ұлттық экономиканың бәсеңдеуіне себеп болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаңтар да экономиканың базалық салаларының көрсеткіштері жақсаруда. Алайда карантиндік шектеу шаралардың болуы және олардың күшейтілуі қызмет көрсету мен көлік салаларына әсер етуде. Өңдеу өнеркәсібнің орнытқы өсу серпіні байқалады. Жыл басынан бері өсу қарқыны 3 пайыз болды»,- деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысының атап өтуінше, өсудің басты қозғалтқыш күштері – металлургия өндірісі - 3,1 пайыз, оның ішінде түсті металл өндірісі - 6,6, машина жасау – 16,2, оның ішінде автомобиль жасау – 21,2, химия өнеркәсібі – 12,8, құрылыс материалдары – 11,8, фармацевтика 4 пайыз артты. Құрылыс көлемі 7 пайызға артып, тұрғын үйді пайдалануға беру 9,4 пайызға немесе шамамен 801 мың шаршы метрге жетті. Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 2,5 пайыз өсті.
«Тау-кен секторы - ұлттық экономиканың бәсеңдеуіне себеп болды. Тау-кен секторындағы шектеулі серпін Қазақстанның ОПЕК+ келісімдер аясында мұнай өндіруді қысқарту бойынша міндеттемелерді орындауының қажеттігінен орын алды. Сондықтан, мұнай секторының нақты көлемінің индексі 12,3 пайызға төмендеді. Сонымен бірге көмір өндірісінде жоғары өсу қарқыны байқалып отыр», - деді ол.
Премьер-Министрдің айтуынша, тау-кен өндіруді есептемегенде негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 25,5 пайызды құрады. Қызмет көрсету секторында ақпарат пен байланыс саласында өсудің жоғары қарқыны байқалды.
«Экономиканың тұрақтылығы жұмыссыздық деңгейін 5 пайыз дейінгі диапазонда ұстап тұруға және халықтың нақты табысының айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік берді», - деді Асқар Мамин.