05 қар, 2021 сағат 18:01

Асқар Мамин Орталық Азия мен Еуроодақ елдерін экономиканы дамыту ісін күшейтуге шақырды


ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Орталық Азия мен Еуропалық одақ елдерін экономикалар өсімі мен дамуы үшін кеңістіктерді құру жұмыстарын күшейтуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің экономикалардың өсімі мен дамуы үшін кеңістікті қалыптастыруда жұмысты күшейтуіміз керек», - деді А. Мамин Бішкекте «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында. 

Осы орайда Үкімет басшысы ерекше мән беретін бағыттарға тоқталды. 

«Халықаралық ортада ағымдағы ахуал мен перспективаларды, «ЕО – Орталық Азия» форматында біздің ынтымақтастықты қайта құруды ескере отырып, дамудың сыни аспектілеріне ерекше мән беру керек. Біріншіден, біздің елдердің қажеттілігі мен әлеуетіне сәйкес келетін біздің экономиканың өндірістік активтерінің интеграциясы мен жаңа өндірістік тұрмыстық тізбекті құру бойынша ұжымдық жұмысты жеделдетуіміз үшін аса маңызды», - деді Премьер-Министр. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Бішкекте Премьер-Министрлер деңгейінде «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумы басталды.