05 қар, 2021 сағат 13:47

Асқар Мамин Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскиспен кездесті


Бүгін Бішкекте ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскиспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таратылған мәліметке қарағанда, кездесу барысында Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Айта кетейік, бүгін Қырғызстан астанасында «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» халықаралық бірінші экономикалық форумы өтеді. 

Оның аясында пленарлық отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, сондай-ақ Тәжікстан мен Түрікменстаның үкімет мүшелері қатысады деп күтілуде. 

Сонымен қатар форумға ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакала, Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис те келеді. Аталған жиынға онлайн-режимде Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен қосылады деп жоспарланып отыр.