ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумында ерікті жастардың пандемиямен күреске қосқан үлесі зор болғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өздеріңізге белгілі, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Соның аясында өскелең ұрпақты жан-жақты қолдау шаралары белсенді түрде жүзеге асырылды. Волотерлер жылы да жастардың зор әлеуетін ашуға ықпалын тигізді. Пандемияға қарсы күреске 1 миллионға жуық ерікті жұмылды. Солардың басым бөлігі жастар болғаны белгілі», - деді Сенат спикері.
Оның пайымдауынша, Қазақстанда жастарға елдік мәселелерге араласып, маңызды шешімдер қабылдауға тікелей атсалысатын мол мүмкіндіктер беріліп отыр.
«Мемлекет басшысының бастамасымен Мәжіліс пен мәслихат сайлауы кезінде партиялық тізімде әйелдер мен жастарға партиялық тізімде әйелдер мен жастарға міндетті 30 пайыздық квота белгіленді. Осы норма бойынша соңғы сайлауда жастардың заң шығарушы және өкілдік органдарға көптеп келуіне жол ашылды.
Мемлекет тарапынан жастар үшін әділетті әлеуметтік лифт қалыстаптастыру қағидасына да баса да мән берілуде. Осының негізінде Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталып, білікті жастар іріктелді. Бүгінде резервтегі екі жүзге жуық жас азамат жауапты қызметтерге тағайындалды», - деді Мәулен Әшімбаев.