Фото: primeminister.kz
Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.