17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейінгі әсерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир соңғы сәтте Қазақстаннан Варшаваға (Польша) ауыстырылды. Асаубаева бұл маңызды емес екенін айтты. Шахматшының айтуынша, ол өз карьерасындағы ең көп гонорар алған.
"Шексіз бақыттымын, көңіл күйім керемет, аздап қалыпқа келу керек. Егер ондыққа кірсем, жақсы болар еді деп ойладым. Өйткені өзімді блицте соншалықты күшті деп санамаймын. Келесі міндетім - классикалық шахматта әйелдер арасында әлем чемпионы атану. Бұл турнир сәтті болды деп ойлаймын. Мені анам, әкем және жаттықтырушым Сергей Долматов қолдады", - деді Асаубаева.