Шымкентте киім дүкеніне кезекке тұрғандар бірін-бірі таптап кете жаздады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы киім дүкеніне кезекке тұрған адамдардың видеосы тарады. Онда көпшіліктің бір-бірін қысып, есіктен кіре алмай жатқанын көруге болады.
«5 қарашада Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көп жиналды. Дүкен ашылған кезде адамдар бірін-бірі итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пункттің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ.
Еңбекші АПБ полицейлері дүкен иесі, жергілікті тұрғынды анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпараратында.
Ескерту: Видеода былапыт сөз бар