27 мау, 2019 сағат 21:23

Арыстың 200 баласы Ақтөбедегі лагерьлерде демалады

Ақтөбе облысы 200 баланы лагерьге қабылдауға дайын, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Арыс қаласындағы жағдайға байланысты шілде айының 15-інен бастап балаларды лагерьге қабылдаймыз. Ақтөбе өңірінде барлығы 200 бала тыныға алады. Педагогтар Арысқа барып, балаларды алып келеді, кейін жеткізіп тастайды. Бірінші кезеңде 100, тамыз айында тағы 100 бала қабылданады», - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Қазіргі кезде білім мекемелерінің барлығы бір күндік жалақыларын аударып жатыр. Кеше 12,8 миллион теңге аударылды, әлі де қаржы бөлінеді. Мектептер гигиеналық заттар мен балалар ойыншығын Арысқа аттанған жүк көлігіне тиеп жіберді.