Алматы облысында сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстаған азамат ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамыр жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты әшкереледі.
"Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді.
Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.