Арыстанбек Мұхамедиұлы №2 қалалық ауруханада жатыр. Бұл туралы orda.kz порталы жазды, деп хабарлайды «Адырна» сайты.
«Науқас Арыстанбек Мұхамедиұлы операциялық блокта жатыр», – дейді дәрігерлер.
Бұған дейін бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының көмекшісі Айдар Қырықбай «Ұлттық мұражай директоры өз-өзіне қол жұмсамақ болды» деген ақпаратты жоққа шығарған еді.