24 мау, 2019 сағат 17:10

Арыстағы жарылыс: Облыс әкімі жарылыстан кейінгі ахуал туралы айтты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы жарылыстың салдарын жою бойынша қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біз сағат 09:20-да хабарды естігеннен кейін төтенше жағдай комитеті, қорғаныс мнистрлігі, облыс әкімідігімен бірігіп, шұғыл шаралар қолданып жатырмыз. Арыс қаласында 45 мың тұғын бар. Жарылыстың көлемі мен ауқымын көргененнен кейін түгел қаланы эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Құлақтандыру құралдары іске қосылды. Желдің бағытына байланысты халықты жинайтын үш нүкте бекітілді»  деді облыс әкімі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қала тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірілді.

«Қазіргі уақытта Арысты әр сағат сайын аралап, көшелерге арнайы көлік, колонна жіберіп, тұрғындарды шығарып жатырмыз. Көпшілігі қаладан шықты деп айтуға болады. Қаланың ішінде полиция мен әскерилермен бірігіп, патрульдеуге кірістік»  деп баяндады Шөкеев.