27 мау, 2019 сағат 13:52

Арыстағы төтенше жағдай салдарларын жою қалай жүргізіліп жатыр?

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарына жеке құрамның 2 400-ден астам әскери қызметшісі мен 200-ге жуық техникасы жұмылдырылған. Қарулы күштер құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және ауылішілік жолдарды жабу үшін 12 бекет орнатқан. Оған 100-ден астам әскери қызметші жұмылдырылған. «Арлан» сауытты көлігімен қала үшін шолғындау жүргізілуде. 

ҚР Қарулы күштерінің инженер-сапёрлері жарылыстар болған аумақтан 20 шақырым радиуста темір жол бойын, қала ішін жарлыма қалған снарядтардан тазалау жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа шамамен 55 минадан тазарту тобының шамамен 550 әскери қызметшісі тартылған. Әскери полицияның 10 кинология тобы да жұмыс істеуде.

«Бүгінгі күні 5 700-ден астам оқ-дәрі фрагменттері табылып, шығарылды. Ұшқышсыз ұшатын аппаратты пайдалану арқылы қару-жарақ қоймаларының аумағы және оған іргелес жерлер әуеден барланып, олардың ақпараттары Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штапқа беріліп отыр. Осы кезең аралығында 13 ұшу жүзеге асырылды», - деп атап өтеді министріктен.