02 шіл, 2019 сағат 13:04

Арыстағы гуманитарлық көмек қоймаларын онлайн бақылауға болады

Апаттан зардап шеккен арыстықтарға бүкіл қазақстандықтар қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсетуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бүгінгі таңда қоймаға 510 тонна тұрмыстық заттар, азық-түлік, киім-кешек, өзге де заттар жиналса, соның 400-ден астамы гуманитарлық көмек ретінде халыққа таратылды.

Бұдан бөлек, «Түркістан» әлеуметтік даму корпоротивтік қорына Арыс халқына арнап 1 млрд 200 мың теңгеден астам қаржы жиналды.

Сондай-ақ, Арыс қаласындағы гуманитарлық көмек қоймаларына онлайн веб-камералар орнатылды. Қоймадан тікелей көрсетілімді мына сілтемеден көре аласыздар.