25 мау, 2019 сағат 10:50

Арыстағы апат салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұр

Арыстағы апат салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығынан мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

«Жедел штаб құрылып, арнайы режимде жұмыс істеуде. 7 ірі стансада – Шымкент, Түркістан, Түлкібас, Тараз, Шу, Шиелі, Қызылодада 20 жолаушылар пойызы тоқтатылып, 8121 жолаушыға жағдай жасалды. Олар вокзал кешендеріне көшіріліп, ауыз су, тамақпен қамтамасыз етілді. Жолаушылардың талабы бойынша жол жүру ақысы қайтарылады. Аталған барша вокзалдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, керекті ақпарат таратылуда» делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыс әкімдіктерімен біріге отырып қала маңына автокөлікпен 1500 жолаушы тасымалданды. Сондай-ақ, Түркістан -Маңғыстау, Ақтөбе, Саратов және Шымкент-Тараз, Алматы бағыттарына жетіп алу үшін 2000 жолаушы автокөлікпен Түркістаннан Шымкентке жеткізіліп, Қызылорда-Сексеуіл арасында №42 Атырау-Алматы пойызының 430 жолаушысын жеткізу үшін 14 вагон қосымша тіркелген.

Жалпы Тараз, Шымкент, Түркістан арасында 8 мыңнан астам жолаушы автокөлікпен тасымалданды. Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына түсінушілікпен қарағанын жеткізеді.

Тасымалға қатысты қажетті ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметінен алуға болады.