01 там, 2019 сағат 17:58

Арыста 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша Арыста 31 шілдеге қарай 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 2529 үйге әрлеу жұмыстарын жүргізу жалғасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 мың құрылысшы қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда жұмысшылар 4 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, тағы да 17 көпқабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда әрлеу жұмыстары ғана қалып отыр.

Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда. ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап құрылыс жұмыстарына бақылау және мониторинг жасауды Министрліктің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізуде.