29 шіл, 2019 сағат 09:19

Арыста 5051 отбасы өз үйлеріне оралды

29 шілдеде құрылысшылар Арыс қаласында қалыпқа келтірілген 2707 баспананы тапсырып, 5051 отбасы өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таяуда тағы 2344 үйде негізгі қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталды. Бүгінде 7785 құрылысшы қаланы қалпына келтіруді жалғастыруда. Бір ай ішінде олардың қатары тағы да күн сайын екі жүзге тарта жұмыскермен толықпақ», делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, кең көлемді құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық облыстары, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар қатысады. Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың тікелей қадағалауында екені айтылған.