Арыс тұрғындарын Шымкентке жеткізу үшін қала әкімдігі тарапынан 100 автобус бөлінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұған қоса, Арыс бағытына кетіп бара жатып, Шымкентте тоқтатылған 6 пойыздың жолаушыларын Түркістан қаласына жеткізу үшін 43 автобус бағытталды. 24 маусым күні осы автобустармен Түркістан қаласына 2500-ден астам адам аттанды.
Арыс қаласындағы құтқару операцияларына қатысу үшін 6506 әскери бөлімінен 541 сарбаз аттандырылды.
24 маусым күні Шымкенттегі мектеп және колледжерде 15 эвакуациялық пункт ашылып, Арыс тұрғындары сонда орналастырылуда. Азаматтар ыстық тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, көрпе-төсек, балаларға қажет заттарды Шымкенттің көптеген тұрғындары да жеткізуде.