Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
"3 қарашада 03:00-де Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтада бұрғылау кезінде газ жарылып кеткенін растаймыз. Апат салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты, тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасып жатыр, төртеуі ауруханаға жатқызылды", - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Сондай-ақ, 106 жұмысшы эвакуацияланған.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады", - деп толықтырды ТЖМ өкілі.