28 қар, 2022 сағат 18:02

«АрселорМиттал Теміртауда» апат болды


«АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 ​​ қарашада №3 әзірлемелерді үздіксіз құю машинасының (ӘҮҚМ) болат шөміш қақпасына металдың төгілуі орын алды.

«Технологиялық персонал төтенше жағдайда қажетті барлық процедураларды орындады. Металл арнайы шұңқырға құйылды. Конвертер цехы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ӘҮҚМ-3-ті сынақтан өткізу және іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Компания өкілдерінің айтуынша, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, 3 қарашада осы компанияға қарасты Көмір департаменттің Ленин атындағы шахтасында метан газының жарылысы болып, 5 кенші қаза болған еді.


Видео: EGOV.PRESS