16 мау, 2022 сағат 14:57

"АрселорМиттал Теміртау" зауытында тағы бір жұмысшы мерт болды


Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі жылу электр орталығында монтаждаушы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, 16 маусым күні ЖЭО-2 №7 қазандығында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде күтпеген жағдай болды. 1986 жылы туған «AB Construction» ЖШС қызметкері биіктен құлап, жарақат салдарынан көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта іс тергеліп жатыр. 

«AB Construction» компаниясының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

ЖЭО-2 - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ірі өндіруші кәсіпорны саналады. Станция өндірген электр энергиясы компания кәсіпорындарының электр жүктемелерін жабуға жұмсалады. Артық электр энергиясы Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында сатылады. Ол - Теміртау энергия торабындағы үш электр станциясының бірі.