Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтадағы төтенше жағдайды тергеудің алдын ала қорытындысы қашан белгілі болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Шахтада болған жарылыстың тергеу қорытындысы 23 қарашада белгілі болады. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Қарағандыда БАҚ өкілдерін жинап, қорытындысын жариялаймыз", - деп жауап берді министр.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты.