Фото: Tengrinews.kz
"АрселорМиттал Теміртауда" газ құбыры опырылып түсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қаңтарда таңғы 6:10-да диаметрі 2200 мм болатын коксты газ құбыры опырылып құлаған.
"Салдарынан ұзындығы 20 метр аумақ зақымдалды. Зардап шеккендер жоқ, оқыс жағдайдың себептері анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен жылы 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртауда» апат болып, 1 адам көз жұмған еді.
Ал 28 қарашада «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды. Сонымен қатар 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, бес кенші қаза тапты.
ТЖ фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтауы мүмкін екені жиі айтылып жүр.