31 қаз, 2023 сағат 14:32

«АрселлорМиттал Теміртаудың» акицонерлері арасында Назарбаев әулетінің өкілдері бар ма?

Фото: Tengrinews.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында «АрселлорМиттал Теміртаудың» акицонерлері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Kazinform.

«АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлерінің ішінде Назарбаев әулетінің өкілдері бар ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Министрдің сөзінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Жоқ. АрселлорМитталдың» бізге берген мәліметі бойынша, олар бұл кәсіпорынның 100 пайыз меншік иесі болып есептеледі және өз акциялары бойынша ешқандай шектеусіз, толық өздігінен шешім қабылдай алады», - деді Қанат Шарлапаев.

Еске салсақ, Костенко шахтасындағы 46 кеншінің өмірін жалмаған апаттан кейін Вадим Басин «АрселлорМитал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің бас директоры міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.