01 қар, 2019 сағат 10:51

Арнайы операция: Алматыда ер адамнан қару-жарақ арсеналы табылды

Алматының Медеу ауданында қару-жарақ сақтаған ер адамды ұстау бойынша арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Полиция назарына «Думан» шағынауданында тұратын 27 жастағы жігіт ілінді. Ол адамдарды бопсалағаны үшін бұған дейін де істі болған. Тінту барысында қалтасынан пышақ табылды. Сонымен қатар, күдіктінің «Audі» көлігінен 12 калибрлі екі шолақ мылтық, тегіс ұңғылы мылтық, карабин, 15 оқ-дәрі табылды. Тәркіленген қару-жарақ баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптамалық тексеруден соң құралдардың қай жерде шығарылғаны, иесі кім екендігі, қылмысқа қолданылғаны немесе қолданылмағаны анықталады», - деді қалалық Полиция департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді.