22 мам, 2023 сағат 19:31

Армения Таулы Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі деп тануға дайын - Пашинян


Армения халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда Таулы Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі ретінде тануға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Новости-Армения" халықаралық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәслихатында сөйлеген Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мойындауға дайын Әзербайжан аумағының 86,6 мың шаршы шақырымына Таулы Қарабақ кіреді деп мәлімдеді.

"Егер бұл мәселеде бір-бірімізді дұрыс түсінетін болсақ, онда Армения Әзербайжанның 86,6 мың шаршы шақырымдық аумақтық тұтастығын мойындауға дайын және біздің түсінігіміз бойынша Әзербайжан Арменияның 29,8 мың шаршы шақырымдық аумақтық тұтастығын мойындауға дайын. 86,6 мың шаршы шақырымға Таулы Қарабақ та кіреді. Бірақ, бұл ретте Таулы Қарабақ тұрғындарының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесін Степанакерт-Баку диалогы форматында талқылау керек екенін айтамыз", - деді ол.

Пашинян бұл келіссөздер үшін халықаралық кепілдік жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Sputnik Қазақстан сайтының жазуынша, Армения премьер-министрі Карабах армяндарына қатысты этникалық тазарту және геноцид саясатын тоқтату үшін кепілдіктер жасау керек деп санайды. Көршілес екі мемлекеттің аумақтары қатысты тоқталған Пашинян Арменияда ҰҚШҰ миссиясы жоқ екенін атап өтті, өйткені ұйымда Арменияның аумағы туралы нақты көрсетілмеген.

Оның айтуынша, егер ҰҚШҰ аумақтарды белгілесе, онда проблемалардың 90%-ы шешілетін болады. Сонымен қатар ол Армения, Ресей Федерациясы және Әзірбайжан басшыларының Лачинск дәлізінде бақылау өткізу пунктін орнатуға байланысты үшжақты мәлімдемесін бұзғанын айтты.

Таулы Карабахта 2020 жылы қақтығыс болды: салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шекті. Карабахта келіссөздер 2020 жылдың 10 қарашасына қараған түні, Ресейдің делдалдығымен Әзербайжан мен Армения атысты тоқтату туралы үшжақты келісім жасасқан кезде басталды.

Баку Кельбаджар және Лачин аудандарын мен Агдам ауданының бір бөлігін алған болатын. Бұл аумақ кезінде Таулы Карабах Республикасының бақылауында болған және Әзербайжан армиясынан азат аумақ болған. Аймақта ресейлік бітімгерлер орналасқан.