21 қаз, 2021 сағат 13:50

Әрбір өңірде халықтар достығына арналған саябақ ашуға болады - Мемлекет басшысы


Әрбір өңірде халықтар достығына арналған саябақтар ашуға болады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде орман-тоғай аз. Белгілі нәрсе. Сол себепті мен еліміз бойынша 2 млрд тал егу туралы бастама көтердім. Бұған қоса, елді мекендерге 15 млн көшет отырғызу қажеттігін айттым. Ассамблеяның белсенді жастары осы идеяны жүзеге асыруға атсалысады деп сенемін. Әрбір өңірде халықтар достығына арналған саябақтар ашуға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бүкіл әлемге өзімізді табиғатқа қамқорлықпен қарайтын, болашақ ұрпақтың қауіпсіз әрі жайлы болуына жағдай жасайтын ұлт ретінде танытуымыз қажет.