17 мам, 2022 сағат 18:44

Қызылорда облысында тасаттық рәсімі өтті - видео

Фото: "Тұран Ойпаты- Арал теңізі" ҚҰ

Қызылорда облысында құрбандық шалынып, Арал теңізін жандандыру үшін ұжымдық дұға оқылды. Бұқаралық рәсімге 500-ге жуық адам қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Тұран Ойпаты - Арал теңізі" ҚБ, "Байтақ" экопартиясы, сондай-ақ Арал теңізі проблемасына бейжай қарамайтын адамдар ұйымдастырушы болды.

"Арал теңізіне су қайта ма?" атты экомарафон-2022-ге қатысу үшін ауданға отандық және шетелдік ғалымдар, экологтар, облыс белсенділері, журналистер, жергілікті тұрғындар келді. Арал теңізі проблемаларын талқылағаннан кейін "тасаттық" рәсімі өтті", - деді "Тұран Ойпаты - Арал теңізі" ҚБ қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Көлбай Данабай.

"Тасаттық" - қазақтың ежелгі жаңбыр шақыру салты. 

"Құрбандық шалу рәсімінен кейін дұға оқылды, оған Арал тұрғындарынан басқа алыс шетелден келген қонақтар да қатысты. Содан кейін қатысушылар "тасаттық" дәстүрін жасады - теңіздің кепкен түбіне су шашты", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жаппай жаңбыр шақыру рәсімі өткен болатын.