Қазақстан қор биржасындағы (KASE) саудада теңгеге шаққандағы доллар бағамы тағы арзандады, деді "Ұлт ақпарат".
Таңертеңгі сауда нәтижесінде доллар 11 желтоқсандағы көрсеткішінен 0,07 теңгеге арзандап, 418,99 теңге болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми бағамына сәйкес, 14 желтоқсанда 1 доллар құны 419,09 теңге болды.
Айта кету керек, алдыңғы аптада да теңге бағамы нығая түскен болатын.