2022 жылдың наурызында "ЖЕТІСУ" ӘКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. ӘКК қызметін талдау кезінде көптеген кемшіліктер мен тәуекелдердің, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың бар екендігі анықталды.
Осылайша, талдаумен "ЖЕТІСУ" ӘКК қызметінде ҚР жер заңнамасын бұзу фактілері анықталды:
- жергілікті атқарушы органдар ӘКК-ге көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына жер учаскелерін берді (ӘКК жарғысында мұндай құзырет жоқ, сондықтан Талдықорған қаласы әкімдігінің қаулылары жойылуға жатады).
- ӘКК жанындағы жер учаскелері нысаналы мақсаты бойынша 3 жылдан астам пайдаланылмайды (ҚР жер заңнамасына сәйкес алып қоюға жатады).
Талдаудың көрсетілген қорытындылары жерді пайдалану және қорғау үшін уәкілетті органның актілерімен расталады.
Осыған байланысты Департамент облыс әкіміне жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің күшін жою және ӘКК жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару туралы мәселені қарау туралы хат жолдады.
Бүгінгі таңда Панфилов ауданындағы 3 жер учаскесі аудан әкімдігінің 07.10.2022 жылғы №378 қаулысымен мемлекеттік меншікке қайтарылды (3 учаскенің жалпы кадастрлық құны 503,2 млн. теңгені құрайды). Талдықорған қаласындағы жерлер бойынша әкімдік жер учаскелерін қайтару бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды жүзеге асырады.