Нұр-Сұлтанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апатты деп тану үшін пара алу дерегі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
"Антикоррупциялық қызмет Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу дерегі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады", - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.