Антикор Нұрлан Мәсімовті іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын еске салды. Ол туралы мәлімет бергендерге сыйақы (12 миллион теңгеге дейін) уәде етілген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деп күдіктелген. Сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта Мәсімов іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса агенттіктің мына телефондары бойынша хабарлауға болады:
- call-центр 1424
- +7 (7172) 909 260
- +7 (727) 278 7300
- +7 (707) 978 0808