17 шіл, 2020 сағат 15:42

Антикор қызметкерімін деп елді алдаған алаяқ 80 млн теңгені жымқырған

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерінің атын жамылған алаяқ ел азаматтарын 80 млн теңгеге тақырға отырғызды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкері ретінде танысып, республика аумағында бірқатар алаяқтық әрекет жасаған азамат А. атты азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мемлекеттік басқару саласындағы мәселелерді оң шешу үшін азаматтарды алдап, 80 млн теңге сомасында ақша алды деген күдікке ілінді», - деді Қайсар Баржақсынов агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында. 

Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.