24 мам, 2023 сағат 17:45

Антикор Қазселденқорғау басшылығына қатысты тергеуді аяқтады

Сурет: Алматы әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазселденқорғау ісі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшыларына қатысты соталды тергеуді аяқтады.

Олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 миллион теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр" - делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілген.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.