Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерден Мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бірінің басшылығына пара ретінде арналған ақша қаражатын талап еткен криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізді.
Аталған адам 25 маусымда 15 милион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – «ТТ» және «Smith&Wesson» маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қорытынды шешім сотта анықталады.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.