© Sputnik / Абзал Калиев
ҚР АШМ Фитосанитария бас директоры лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Аникор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК бас директорына қатысты соталды тергеуді жүргізіп жатыр.
Белгіленген тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құрып және оны басқарған лауазымды тұлға 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген.
"Күдіктінің мемлекетке жасаған іс-әрекетінен келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі" - делінген агенттік хабарламасында.