11 қаз, 2019 сағат 09:39

Әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертінің проморолигі жарияланды

Әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертінің проморолигі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Америкадағы ARNAU концертінің ресми жарнамалық ролигі. «Barclays» стадионында кездескенше», - деп жазды әнші instagram парақшасында.

Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында 10 желтоқсанда концерт беретінін жазған болатынбыз. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ. Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Билет сатылымы www1.ticketmaster.com-да жүріп жатыр.