21 там, 2024 сағат 12:02

Әнші Алтынбек Тәшімбетов ауруханада жанжал шығарды


Фото: https://www.instagram.com/altynbek_tashimbetov/
Әнші Алтынбек Тәшімбетов қалалық ауруханада жанжал шығарған, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Бұл туралы жазған Михаил Козачков telegram-арнасының хабарлауынша дүйсенбі күні таңертең Алтынбек Тәшімбетовті "жедел жәрдем" Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына денесінде ұрып-соғу іздері мен іш киіммен алып келген.

"Аса танымал емес әнші өзін үлкен жұлдыз сияқты ұстады, сондықтан ол қабылдау бөлмесінде жанжал шығарды, ресепшнде әйнекті сындырды және кезекші медбикені балағаттады. Көмекке келген полицейлер оны тыныштандырды. Менің деректерім бойынша, Тәшімбетовке қатысты екі хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа тартылмақ", -деп жазады Козачков.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК 440-бабы және ҚР ҚК 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс материалдары жинақталды. 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде жаза қарастырылады.