Алматы полициясы көшеде қыздың ізіне түсіп, сосын подъезге бірге кіріп, шабуыл жасаған белгісіз жігітке қатысты шағым бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2002 жылы туған қыздың өтініші негізінде қылмыстық іс Алмалы аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-ның 120-бабы "Зорлау" бойынша тіркелген.
"Соталды тергеп-тексеру жүргізу барысында 2009 жылы туған (толық 14 жаста) кәмелетке толмаған К. анықталды және ұсталды. Жігіт қызды көптен бері көрмеген күтуші әйелмен шатастырып алғанын түсіндірді. Жасөспірім шатасқанын түсініп, қашып кеткен", - дейді полиция баспасөз қызметі өкілдері.
Қазіргі уақытта тергеу материалдары әкімшілік шара қолдану үшін жергілікті полиция қызметіне берілген.
Еске сала кетейік, бойжеткен шілденің аяғында белгісіз жігіт көшеде артынан аңдып, подъезге кіріп, пәтер есігі алдында шабуылдағанын айтып шағымданған болатын. Қыздың сөзінше, ол аузын жауып, кеудесінен ұстаған, кейін қашып кеткен. Қыз полицияға жүгінген, бірақ оның айтуынша, іс 22 қыркүйекте жабылған.