26 ақп, 2020 сағат 11:54

АН-2 апаты: Ұшқышқа медициналық көмек көрсетілуде

Өскемен қаласына таяу жерге апатты жағдайда қонған АН-2 ұшағының қозғалтқышы өртенген. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«26 ақпан күні сағат шамамен 13:00-де Прапоршиково ауылынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағы қонған кезде қозғалтқышы өртенген. Ұшқыш ұшақты аэродромнан тысқары жерде қондыруға мәжбүр болған. Бортта болған 5 адам аман. Бір ұшқышқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - делінген таратылған ақпаратта.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті «Орлан 2000» әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша санитарлық рейсті орындау барысында апатқа ұшырағанын хабарлаған еді.