01 там, 2021 сағат 13:30

«Amazon» интернет дүкеніне 746 млн еуро айыппұл салынды


«Amazon»-ға 746 млн еуро айыппұл салынды. Еуропалық құпиялылықты бақылау қызметі алпауыт интернет дүкенде жеке деректерді өңдеу ЕО-ның Деректерді қорғаудың жалпы ережелеріне сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлады Euronews.

Айыппұлды екі апта бұрын «Amazon»-ның еуропалық штаб-пәтері орналасқан Люксембург ұлттық деректерді қорғау комиссиясы салған. Компания айыптауды жоққа шығарады және шағымданатынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, Еуропадағы деректерді қорғауды қадағалау органдары компанияға олардың жылдық жаһандық сатылымының 4%-ына дейін айыппұл салуға құқылы. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында француз информатика және азаматтық бостандықтар комиссиясы «Amazon»-ға пайдаланушылардың жеке ақпараты қамтылған cookie файлдарын олардың келісімінсіз пайдаланғаны үшін айыппұл салған еді. Компанияға 35 миллион еуро айыппұл салынған болатын.