09 нау, 2023 сағат 20:09

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған


Сайлауға санаулы күндер қалды. Қостанайлық кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. 

«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында сайлаушылармен кездесті. 

Кездесуде партиялық бағдарламаның ауыл медицинасына және білімге қатысты басымдықтары айтылды. 

–  «AMANAT» партиясы мемлекет басшысының бағыт-бағдарын қолдайды және әділ Қазақстанды құру жолында қойылған міндеттерді қалай жүзеге асыруға болатындығы туралы нақты көзқарасы бар. Біздің өңірлік бағдарламамыз азаматтардың партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне жолданған өтініштері мен ұсыныстары негізінде жазылған. Сайлауалды бағдарлама аясында өңірде 10 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Оның ішінде Қарабалық ауданының Белоглинов және Славян ауылдарының медициналық пункттері сол тізімде бар, – деді кандидат Б. Аққожина. 


Кандидаттар Тоғызақ теміржол және «Пищекомбинат» ЖШС еңбек ұжымымен тілдесті. Тұрғындар кездесуде аудандық аурухана мен төтенше жағдай қызметі үшін жоғары өтімді автокөлікті сатып алу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, сайлаушылар Баскөл және Есенкөл ауылдарына баратын жол мәселесін көтерді. 

– Қарабалық ауданына қарасты ауылдарда қордаланған мәселелер жетерлік. Соның бірі Қарабалық ауылында мектеп салу мәселесін айтқымыз келеді. Сонымен қатар, «Отбасы банк» арқылы Қарабалық ауылында салынған тұрғын үйлерге ипотекалық несие берілсе деген тілек бар, – дейді ауыл тұрғындары. 

Өз кезегінде кандидат Екатерина Смышляева партиялық бағдарламада аталған мәселелерге қатысты жүйелі жобалар бар екенін жеткізді.  

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттыруға күш салады. Осы мақсатта азық-түлік, киім-кешек, баспана, білім мен медицина сияқты күнделікті қажеттіліктің қолжетімді бағада болуын да қамтамасыз етеді.

Басқосу соңында сайлаушылар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламада көрсеткен бастамаларының қолдайтындарын айтып, алдағы сайлауда белсенділік танытатындарын жеткізді.

Қостанай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.