03 нау, 2023 сағат 22:48

«AMANAT» партиясының кандидаттары қызылордалық дәрігерлермен кездесті


Денсаулық сақтау саласы еліміздегі маңызы жоғары салалардың бірі саналады. Бұл салада тұрғындардың түйткілді мәселелері күн тәртібінен түскен емес. «AMANAT» партиясының қолдауы мен қадағалауының нәтижесінде медицина мәселелері мінберлерде айтылып келеді. Өйткені өмір бар жерде адам денсаулығы, дәрігер құқығы түгесілмес тақырып.

Осы орайда, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық сайлауалды штабының мүшелері  Шанхай мөлтек ауданында орналасқан «Алексей Султан» емханасында болып, медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.



Басқосуға кандидат Гүлнар Есқалиева, Мұрат Жұмаділдаев қатысты. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылдық жобалар жайлы әңгімеледі.

«AMANAT» партиясы алдағы бес жылда аймағымызда 30 денсаулық сақтау нысаны бой көтеруіне жағдай жасамақ. 12 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салмақ. Сонымен қатар 26 білім беру нысаны мен 4300 орынға арналған 43 балабақша ашылады. Алдағы 3 жылда ауылдық жерлерде 27 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт салыну жоспарлануда. Тұрғындар үшін медициналық қызмет қол жетімді болуы керек. Сонда мемлекетіміз алға қойған жайлы өмір сүру қағидасы арта түспек», – деді Гүлнар Есқалиева.

Кездесу барысында үміткер Мұрат Жұмаділдаев «AMANAT» партиясы денсаулық сақтау нысандарының құрылысының сапалы және уақтылы болуын айрықша назарға алатынын жеткізді. 

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді