«AMANAT» партиясының барлық өңірлік филиалдарында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмысқа кірісті. Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматыдан келген ерікті Жандос Тәліповтың айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды.
«Зардап шеккендерге жай сөзбен ғана емес, іспен де көмектескім келеді. Мен барша қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын, Қостанай, біз біргеміз!» - деді ол.
«Дәл осындай уақытта біз елдігімізді, ауызбіршілігімізді көрсетуіміз керек. Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек», – деді өскемендік ерікті Марлен Әбубәкір.
Гуманитарлық көмек жинау пункттерінің мекенжайлары |
|||
№ |
Аймақ |
Қала |
Мекенжайлар |
|
Абай облысы |
Семей |
Шайжүнісов көш., 138 |
|
Ақмола облысы |
Көкшетау |
Әуелбеков көш., 117 |
|
Ақтөбе облысы |
Ақтөбе |
Тургенев көш., 86 |
|
Алматы облысы |
Қонаев |
1 шағын аудан, 13 |
|
Атырау облысы |
Атырау |
Әйтеке би көш., 79а |
|
Батыс Қазақстан облысы |
Орал |
Молдағалиев көш., 19 |
|
Жамбыл облысы |
Тараз |
Сүлейменов көш., 1 |
|
Жетісу облысы |
Талдықорған |
Қонаев көш., 47 |
|
Қарағанды облысы |
Қарағанды |
Әлиханов көш., 4 |
|
Қостанай облысы |
Қостанай |
Гоголь көш., 111 |
|
Қызылорда облысы |
Қызылорда |
Жақаев көш., 15а |
|
Маңғыстау облысы |
Ақтау |
17 шағын аудан, 50/1 |
|
Павлодар облысы |
Павлодар |
Кривенко көш., 25а |
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
Петропавл |
Абай көш., 15 |
|
Түркістан облысы |
Түркістан |
Мұсабек көш., 2а, коворкинг орталығы |
|
Шығыс Қазақстан облысы |
Өскемен |
Қайсенов көш., 121 |
|
Ұлытау облысы |
Жезқазған |
Ғарышкерлер көш., 35 |
|
Нұр-Сұлтан |
Тәуелсіздік даңғылы, 3 |
|
|
Алматы |
Абылайхан көш., 79, коворкинг орталығы |
|
|
Шымкент |
Бейбітшілік көш., 3 |