Қостанай облысының Рудный қаласында партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, жылжымалы кешенді үгіт-насихат жұмыстары өтті.
Кандидаттар «Рудный Водоканал» ЖШС еңбек ұжымына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырылды.
Сайлаушылардың мәселелері халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және сапалы жұмыс орындарын құру бойынша болды.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Альберт Рау облыста «Көп балалы отбасылар» санатынан 5,9 мың адам және халықтың әлеуметтік осал топтарынан 16,5 мың адам тұрғын үй алуға кезекте тұрғанын атап өтті.
Партия қабылдап жатқан шаралар 5 жыл ішінде кемінде 20 мың отбасын, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 1,5 мың отбасын және 600 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- «AMANAT» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін бар күшін салады. Жалпы облыс бойынша 2027 жылдың соңына дейін орташа жалақыны 239,7 мың теңгеден 305 мың теңгеге дейін ұлғайту, кемінде 100 мың жұмыс орнын, оның ішінде кемінде 55 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда", - деп толықтырды кандидат Татьяна Булгацевич.
Сондай-ақ, кандидаттар аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының еңбек ұжымымен кездесті.
- "Біздің бағдарлама азаматтардың партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштері негізінде жазылған. Бізде аймақтың проблемалары туралы нақты көзқарас, ойластырылған іс-қимыл жоспары бар. Біз облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеуге дайынбыз", - деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Аслан Дабылов.
Кездесу соңында кандидаттар Рудный тұрғындарын алдағы сайлауда белсенді қатысуға шақырды.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясы еліміздің түкпір-түкпірінде жүйелі жұмыс істейтін жалғыз партия. Әр ауданда және қалада партияның бөлімшесі мен қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Партия проблемалардың шешімін табуға және кешенді қолдау көрсетуге дайын.
Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді