
Алясканың оңтүстік-батысында шағын қала маңы ұшағы құлап, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Associated Press-ке сілтеме жасап.
Yute Air компаниясының ұшағы Кипнук қаласына бағыт алған. Ұшу кезінде ол Тунтутулиак маңында апатқа ұшырады. Ұшқыш пен төрт жолаушы қаза тапты.
Алясканың Ұлттық гвардиясы оқиға орнына Вефильден UH-60 Black Hawk тікұшағын жіберді. Федералды авиация басқармасы өкілінің айтуынша, ұшақ белгісіз жағдайда құлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
