Алтынемел ұлттық паркінде «Қызыл кітапқа» енген Түркістан сілеусіні видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның видеосы парктің әлеуметтік парақшасында жарияланды.
Видеода енесінің артынан шамамен бір жастағы 3 сілеусін күшігінің еріп жүргені көруге болады.
«Бұл сирек кездесетін құбылыс. Әдетте сілеусін екіден артық күшіктемейді. Ал бұл сілеусінде үшеу. Мұндай оқиға ұлттық саябақта сілеусін үшін қолайлы өмір сүру жағдайы бар екенін көрсетеді. Олардың негізгі азығы – сібір тау ешкісінің лағы мен жабайы қабанның баласы және сирек кездесетін кекіліктер», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Алтынемел» – Алматы облысындағы Іле өзенінің алқабындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк.