Фото: © 5region.kz
Полиция "Алтын орда" базары директоры орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек автожолында BMМ көлігін тоқтатқан.
"Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат, сондай-ақ тағы бір жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді.
Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған деректер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді" - делінген хабарламада.